БҰҰ-да әл-Фарабидің ізгілікті қоғам идеясына негізделген ЖОО үлгісі ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Шығыстың ұлы философы әл-Фарабидің ізгілікті қоғам туралы идеяларына негізделген университет 4.0 атты жоғары оқу орындарын дамытудың жаңа үлгісі ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-ға сілтеме жасап.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалым Мұтанов Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде өткен жаһандық азаматтық мәселелерге арналған халықаралық конференцияда осындай жобаны ұсынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде БҰҰ алаңындағы бұндай жоғары деңгейдегі іс-шараның бастамашысы жетекші қазақстандық жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Конференцияны ұйымдастырушылар қатарына сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер Альянсы мен ҚР-дың БҰҰ жанындағы өкілдігі кіреді.

Іс-шараны аша отырып, БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі Нассир Абдулазиз әл-Насер әсіресе жас ұрпақтың арасында ғаламдық азаматтықты қалыптастыруға арналған конференцияның маңыздылығын атап өтіп, бұл процесте университеттердің атқарар рөлі үлкен екендігін және осы бағытта жаңа тәсілдерді табу қажеттігін алға тартты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалым Мұтановтың Шығыстың ұлы философы әл-Фарабидің ізгілікті қоғам туралы идеяларына негізделген университет 4.0 атты жоғары оқу орындарын дамытудың жаңа үлгісін ұсынған баяндамасы конференция қатысушыларының үлкен қызығушылығы мен жанды пікірлерін тудырды.

null

Модель төрт құрамдас бөлікті біріктіреді: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілік. Бұл модельді жүзеге асыруда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарлама нақты нұсқау болып табылады.

Жаңа буын университетінің миссиясы жастарды рухани және адамгершілік қасиеттері жоғары және белсенді азаматтық ұстанымы бар әлемнің ізгілікті азаматтары ретінде қалыптастыруға бағытталған. Жаңа тренд - университет 4.0 жаһандану және жаңа технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында айрықша маңызды. БҰҰ Өркениеттер альянсының қарамағында әлемнің жоғары оқу орындарын гуманитарлау үшін модельдік жоспар әзірлеу жөніндегі ҚазҰУ-дың ұсынысы конференция қатысушылары тарапынан мақұлданып, қолдау тапты.

«Біз модельдік жоспар туралы ұсынысты уақтылы деп санаймыз. Әлемнің университеттері жастарды гуманистік құндылықтар рухында тәрбиелеу үшін нақты қадамдар жасауға бірігуі керек. Бұл БҰҰ-ның «Жаһандық азаматтық» бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келеді. Бұл тұрғыда БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабы - ҚазҰУ-дың тәжірибесі мен бастамалары әсіресе өзекті әрі сұранысқа ие. Ал әл-Фарабидің мұрасы күні бүгінге дейін ақыл мен жүректі біріктіріп байытатын түбегейлі өңдеу күшіне ие білімнің үлгісі болып табылады» - деп атап өтті Альянстың Жоғарғы өкілі НассирАбдулазиз әл-Насер.
null

Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесіп «Ізгілікті қоғамның азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы» атты халықаралық жобаны жүзеге асыруда.

Университет 4.0 үлгісі аясында ҚазҰУ-да инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік тұғырнама үндестігіне негізделген «Al-Farabi university smar tcity» атты бірегей жоба сәтті жүзеге асуда. Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Қазақстан Президенті ұсынған «Жасыл көпір» бастамасын іске асыруға бағытталған «РИО +20» БҰҰ конференциясында алға тартылған «Жасыл көпір ұрпақтан - ұрпаққа» жобасы жүзеге асырылуда.

Халықаралық конференцияға БҰҰ-дың жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, әр түрлі елдердің дипломатиялық миссиялары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және АҚШ пен әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің ғылыми элитасы қатысты.
null

null

Соңғы жаңалықтар