БҰҰ бүкіл адамзатты біріктіретін жалғыз әмбебап ұйым болып қала береді - Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана халықаралық форумының жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның әлемдегі тәртіпті сақтаудағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғаннан бері салынған әлемдік тәртіптің іргетасының бұзылу процесіне куә болып отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесіндегі елдердің тең құқығы туралы пайымын айтты.

«БҰҰ бүкіл адамзатты біріктіретін жалғыз әмбебап жаһандық ұйым болып қала береді. Сонымен қатар, біз Қауіпсіздік кеңесін жан-жақты реформаламасақ, қазіргі қиындықтарды сәтті шеше алмаймыз. Кеңестегі «орта державалар» өкілдерінің үні неғұрлым салмақты болуы және естілуі керек», - деді Президент.

Айта кетейік, елордадағы Астана халықаралық форумының жалпы отырысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар