БҰҰ басшысы жаһандық жылынуға байланысты әлем елдеріне үндеу жасады

None
АММАН. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Мысырда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі саммитте әлем көшбасшыларын адамзат жаһандық жылынуға қарсы бірлесе күресуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі AFP-ге сілтеме жасап.

Қызыл теңіздегі Шарм-эль-Шейх курорттық қалашығында өтіп жатқан саммит климат мәселелері, соның ішінде ауаға шығарындыларды азайту және қазірдің өзінде температураның көтерілуінің әсерінен зардап шеккен дамушы елдерге қаржылық қолдау көрсетуді талқылау үшін жиналған 120-дан астам үкімет өкілдерінің басын қосты. «Адамзаттың таңдауы бар: ынтымақтасу немесе жойылу», - деді А.Гутерриш COP27 саммитінде.

«Бұл климаттық ынтымақтастық пактісі немесе ұжымдық суицид пактісі», - деді БҰҰ Бас хатшысы әлемдік қоғамдастықты жаһандық жылынуға қарсы күресте бірігуге, ал өнеркәсіптік және дамушы елдерді – климаттық ынтымақтастық пактісін жасасуға үндей отырып.

А.Гутерриш әлем көшбасшыларына арнаған үндеуінде климаттың өзгеруін кейінге қалдыруға болмайтынын айтты. Ол өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерді «климаттық ынтымақтастық пактісін» орнатуға шақырды. Бұл ретте ол АҚШ пен Қытайдың ерекше жауапкершілігіне тоқталды. Пакт бойынша, елдер ауа температурасын Париж климаттық келісіміне сәйкес Цельсий бойынша 1,5 градусқа жоғарылаған кезде шығарындыларды екі есе азайтуы керек.

Қазіргі тенденцияларға сәйкес, онжылдықтың соңына қарай көміртектен ластану 10 пайыз артып, жер беті Цельсий бойынша 2,8 градусқа жылынады.


Фото:yahoo.com


Соңғы жаңалықтар