БҰҰ басшысы Қытайға сапармен барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш 5 күндік сапармен Қытайға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Сапар бағдарламасында елдің ресми тұлғаларымен кездесіп, бітімгер әскерлерді дайындайтын орталықты көру.

БҰҰ басшысы Азиялық Баос форумында сөз сөйлейді.

«Бейжіңде Бас хатшы ҚХР-ның Бас хатшысы Си Цзиньпиньмен, Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен, сыртқы істер министрі Ван Имен, сонымен қатар Мемлекеттік кеңестің премьері Ли Кяцпен кездеседі»,-деп хабарлады БҰҰ-ның баспасөз хатшысы.

Халықаралық ұйым басшысы полиция қызметкерлерін бітімгерлік операцияларға дайындайтын орталыққа барады.

Антониу Гуттериш Хайнань провинциясында сәуірдің 8-11 аралығында өтетін Азиялық Баос форумына қатысады.

Соңғы жаңалықтар