БҰҰ Бас хатшысы жаңа штамдардың қаупі туралы ескертті: 4 млн адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Әлемдік қауымдастық вирустың аса қауіпті штамдарының пайда болуына қауіп төндіретін коронавирустың қарқынды таралуын тоқтатуы тиіс. Бұл туралы сәрсенбіде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Бүгін әлемде COVID-19 пандемиясының аясында тағы бір қайғылы рекорд орнатылды. Осы вирустың салдарынан төрт миллион адам қайтыс болды», - деді БҰҰ Бас хатшысы.

«Егер вирус орман өрті сияқты таралса, көптеген миллиондаған адамдарға қауіп төнеді. Ол неғұрлым көп таралса, соғұрлым жұқпалы, өлімге әкелетін және қолданыстағы вакциналардың тиімділігі азайтатын штамдар пайда болады», - деді Дүниежүзілік ұйымның басшысы.

Гутерриш сонымен қатар жаһандық вакцинация жоспарын жүзеге асыру үшін Төтенше жұмыс тобын құруға шақырды. Бас хатшының ұсынысына сәйкес, оған вакциналар шығаруға мүмкіндігі бар барлық елдер, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, вакциналар жөніндегі жаһандық альянс және тиісті фармацевтикалық компаниялармен және өндірушілермен жұмыс істеуге қабілетті халықаралық қаржы институттары кіруі керек.


Соңғы жаңалықтар