БҰҰ Бас хатшысы Париждегі лаңкестіктен кейін мұсылмандарға қысым көрсетуге жол берілмеуі тиіс екенін ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун жексенбі күні Парижде экстремистер жасаған лаңкестік әрекеттерге жауап ретінде мұсылмандарға қысым көрсетуге жол берілмеуі тиіс екенін ескертті. Оның пікірінше, осындай әрекеттер зорлықтың өсуіне әкеліп соқтыра алады.

Бас хатшының кеңсесі таратқан мәлімдемеде соңғы аптаның ішінде әлемде діни өшпенділік себеп болған бірқатар шабуылдар орын алғаны туралы атап өтіледі, деп жазады ТАСС.

«Париждегі оқиғалардан кейін ол (Пан Ги Мун) мұсылмандарға қарсы қуғын-сүргінге жол берілмеуі тиіс екенін ескертеді. Осындай негізсіз ырым-жырымдар лаңкестердің мүддесі мен тілегіне сай болып, сонымен бірге зорлық әрекеттерін көбейтеді», - делінген құжатта. БҰҰ-ның Бас хатшысы халықаралық қауымдастықты «төзімділік пен түсіністікке ынталандыруға», онымен бірге елдердің «барлық көріністердегі лаңкестікпен күреске» екі есе күш салуға шақырды. «Бас хатшы лаңкестікке айып тағып отырғанын растайды. Ешбір мақсат немесе наразылық осындай әрекеттерді ақтап шыға алмайды», - деп атап өтілді мәлімдемеде. Пан Ги Мун жексенбі күні Парижде өткен лаңкестікке қарсы, сондай-ақ Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясы мен Франция астанасындағы супермаркетке жасалған шабуыл салдарынан құрбан болғандарды еске алуға арналған маршты қолдады. БҰҰ-ның Бас хатшысы Париждегі лаңкестік әрекеттерінің салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, сонымен бірге «марш кадрлары мен бүкіл әлемнің соңғы күндері танытып отырған тілектестікке риза болып отырғанын» мәлімдеді. Париждегі шерудің ұйымдастырушаларының бағалауынша, оған аз дегенде 1,5 млн. адам қатысты. Осыған ұқсас шаралар елдің басқа қалаларында да өткен. Франция ІІМ-нің мәліметтерінше, бүкіл ел көшелеріне кем дегенде 3,7 млн. адам шыққан. Естеріңізге сала кетейік, Charlie Hebdo сатиралық апталығының редакциясына шабуыл өткен сәрсенбі, 7 қаңтар күні болды. Соның салдарынан 12 адам: он тілші мен ғимаратты күзеткен екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы 11 адам жарақаттар алды. 8 қаңтарда Эйфель мұнарасының жарығы Charlie Hebdo редакциясына жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандарға құрмет белгісі ретінде алты минутқа сөндірілді. Франция ІІМ-нің мәліметтерінше, шабуыл жасаған үш адам болған. Олардың бірі полицияның қолына сол күні берілді. Қалған екеуі - ағайынды Шериф пен Саид Куашиге жалпыұлттық іздеу жарияланып, олар 9 қаңтардағы шабуылдан кейін екі тәулік өткен соң Парижден солтүстікке қарай 60 шақырым жерден табылып, өткізілген арнайы іс-қимылдардың нәтижесінде өлтірілді. Ағайынды Куашилерді жою бойынша арнайы іс-қимылдармен бір уақытта 9 қаңтарда Францияның күш құрылымдарының қызметкерлері Париждің ортасындағы Венсен қақпасының жанында орналасқан азық-түлік дүкені ғимаратын шабуылмен алды. Мұнда 32 жастағы исламшыл Амеди Кулибали адамдарды тұтқынға алған. Ол арнайы жасақтың іс-әрекеттерінің нәтижесінде өлтірілді. BFM телеарнасына өзін «Исламшыл мемлекет» тобының мүшесі болып табылатынын айтқан лаңкестің қолынан төрт адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар