+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

БҰҰ Бас хатшысы ИМ ұйымының тактикасының өзгергенін айтты

2017 жылғы 7 ақпан 08:46
Бөлісіңіз:
БҰҰ Бас хатшысы ИМ ұйымының тактикасының өзгергенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» (ИГ) лаңкестік ұйымына қарсы күрес соңғы кездері оң нәтиже беруде, бірақ лаңкестердің қауіп-қатері әлі де жоғары, деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, деп жазды «Коммерсант».

Оның баяндамасында ИМ өз лаңкестік әрекетін шиеленіскен аумақтардан тыс өзге мемлекеттерде белсендірек іске асырып жатқаны айтылған. Гуттериш мырзаның сөзінше, бұл үшін ИМ өзге мемлекеттердегі өз жансыздарымен байланысуда.

Сондықтан, әуежайлар мен ұшақтардағы терактілер қаупі «жоғары» болып қала береді. Сонымен бірге, ИМ лаңкестері өз өз жақтастарымен байланысу үшін және жаңа мүшелерді тарту үшін шифрлеу, заңсыз вебсайттар мен мессенджерлер секілді құралдарды пайдалануда, деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.

ИМ қаржының 80% жуығын мұнай мен газ сатудан және бопсалаушылық пен қарақшылықтан табады.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Сирия мен Ирак халықаралық терроризммен күресте ең күрделі аймақтар болды. Жыл аяғында екі елде де мәселе айқындалды. Бір жыл бұрынғы күштер теңгерімі бұзылды және ислам радикалдарының іргесі сөгілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT