БҰҰ Бас хатшысы: Дамушы елдердің қарыз ауыртпалығын жеңілдетіп, қолдау көрсету қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Коронавирус пандемиясы — бұл қазіргі қоғам үшін сыни кезең және көптеген елдер халықаралық қауымдастықтың қолдауына мұқтаж». БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемге тараған індетке осылай баға берді, деп хабарлайды Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабынан.

«Ұйым жалпы құны жаһандық ЖІӨ-нің 10% құрайтын экономиканы ынталандыру жоспарын қабылдауды, шағын және орта бизнесті қолдауды және халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсетуді ұсынады. БҰҰ-да, сондай-ақ, дамушы елдерге, ең алдымен, олардың қарыз ауыртпалығын жеңілдетіп, қолдау көрсету қажет деп санаймын. Осы мақсатта COVID-19-ға әрекет ету және пандемиядан кейін қалпына келтіру қоры құрылды» деген БҰҰ Бас хатшысының сөзін бөлісті Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.


Соңғы жаңалықтар