БҰҰ Бас хатшысы Астанада Сирия мәселесіне қатысты қабылданған келісімді қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейсенбі күні Астанада қол жеткізілген Сирияда деэскалация аймағын құру туралы уағдаластықты қолдады және ол ел тұрғындарының жағдайын жақсарту   үшін маңызды деп санайды. Бұл туралы оның ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.

Оның айтуынша, БҰҰ әкімшілік басшысы Ресей, Иран, Түркия қол қойған келісімді қолдайды. «Бұл уағдаластық  сириялықтардың өмірін  жақсартуда өте маңызды. Бас хатшы қарудың барлық түрін, әсіресе авиацияны пайдалануды тоқтату, кедергісіз гуманитарлық көмек беру, сондай-ақ медициналық көмек жеткізу және бейбіт тұрғындардың негізгі қажеттілігін қанағаттандыру үшін жағдай жасау міндеттемесін қолдайды», - делінген Дюжарриктің хатында.

Бұл ретте ол адамдардың тұруы үшін  қауіпсіз аймақ құру олардың басқа елдерден баспана іздеу, алу құқығына әсер етпеуі тиіс екенін атап өтті. Бас хатшының өкілі хабарлағандай, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары аясында Сириядағы жағдайды деэскалациялау бойынша күшке қолдау көрсетуді және тұтқын алмасу, минадан тазалау мәселелері бойынша Астанадағы пікірталасқа жәрдемдесуді жалғастыратын болады. 

Соңғы жаңалықтар