БҰҰ Бас хатшысы Астана үдерісін қолдады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Сирия бойынша Халықаралық донор конференциясының сессиясында қақтығысушы тарапты келіспеушілікті тоқтатып, қақтығысты шешуге ықпал етуге шақырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Сирия қақтығысынан зардап шеккендердің барлығына және Сирия халқына сөз арнаған ол БҰҰ оларды қолдайтынын, қатығыстың аяқталатынына және жазықсыз жапа шеккен адамдардың жағдайы жеңілдейтінінен үмітті екенін білдірді.

Еске салсақ, сейсенбі Брюссельде Сирия бойынша екі апталық Халықаралық донорлық конференция басталды.

Форумға 70 делегация өкілдері қатысуда. Атап айтқанда, Ероодақтан, өңір елдерінен, БҰҰ, ірі донорлар мен үкіметтік емес ұйымдар.

Соңғы жаңалықтар