БҰҰ Бас хатшысы әлем халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдері тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Ұйым басшысының құттықтауы осы минуттарда ШЫҰ Хатшылығының Бейжіңдегі ғимаратында Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан іс-шараның аясында көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын келетін Наурыз жаңа өмірді білдіреді. Былтыр Наурыз мерекесі жаһандық пандемияның алғашқы күндерімен тұспа-тұс келген. Биыл Наурыз рухы жанданды. Мейрам қоғам мен ұрпақ сабақтастығы арасындағы көпір іспетті», - деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы өз бейнеүндеуінде.


Соңғы жаңалықтар