БҰҰ Бас Ассамблеясынан не күтуге болады – The New York Times

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әлемнің 200-ден астам көшбасшысы әлемдегі ең ірі дипломатиялық аренада осы апта бойы жүздеген кездесу өткізеді және климаттың өзгеруі, Иран мен сауда туралы тақырыптарға пікірталас ұйымдастырады. Ең маңызды тақырып – АҚШ пен Сауд Арабиясының Иранға қатысты позициясы аптаның басында талқыланады», деп жазады The New York Times басылымы.

Жыл сайын өткізілетін БҰҰ Бас Ассамблеясы бірқатар дағдарыстарды талқылайды.

«193 мемлекетті қамтыған Бас Ассамблеясының 74 сессиясының күн тәртібіне сауда соғысы, миграция, энергиямен қамту, климаттың өзгеруі және кедейліктен құтылу мәселелері талқыланады», дейді басылым. Автордың айтуынша, БҰҰның бас хатшысының саяси мәселелер бойынша бұрынғы орынбасары Джеффери Фельтман көпшілік АҚШ саясатының қандай болатынын білгісі келетінін айтқан.

«Жиынға Қытай, Ресей, Венесуэла президенттері, Израиль премьер-министрі келмейді. Маңызды кездесулер аптаның басында өтеді деп жоспарланған. Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Бразилия президенті Жаир Болсонарумен кездеседі. Ал жиында Дональд Трамптан кейін Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сөз сөйлейді.

Сонымен қатар Американың ресми өкілдері Сауд Арабиясындағы мұнай орындарындағы жарылысты Иран жасағанына дәлелдер келтіреді деп күтілуде», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, дүйсенбі күнгі отырыс климат дағдарысына арналады және бұл жиынға60 елдің мемлекет басшылары қатысады.

БҰҰ Бас Ассамблеясында сондай ақ АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы мәселесі көтеріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, АҚШ пен Түркия президенттері кездесуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар