БҰҰ Бас Ассамблеясы: Германия ғаламдық жылынумен жүйелі күреспек

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Германияның канцлері Ангела Меркель ғаламдық жылыну проблемасымен бірлесіп күресуге шақырды. Ол бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі.

«Климаттың өзгеруі, ғаламдық жылыну сөзсіз адамдардың әрекеттерімен байланысты. Сондықтан да ғаламдардың сөздеріне құлақ асу қажет. Басты міндет – мәселені бірлесіп, бірге шешу өйткені барлығымыздың жалғыз планетада тұрамыз. Біз Климат мәселелері жөніндегі Париж келісімін орындап, соған қарай бағдарлануымыз керек», - деді Ангела Меркель.

Оның сөзіне қарағанда, ғаламдық жылынуға өнеркәсіптік елдер өзінің әсерін тигізсе, көп жағдайда дамушы елдер зардап шегіп отыр.

«Сондықтан да біз өнеркәсіптік дамыған елдердің өкілі ретінде барлық қолда бар қаржы мен білімімізді, заманауи техология қолдана отырып, планетадағы ауа температурасының жоғарлауын бәсеңдетуге міндеттіміз. Біз осы бағыттағы қаражат көлемін 2 –ден 4 млрд евроға дейін ұлғайтамыз. 1,5 млрд евро «Жасыл» климаттық қорына түседі. Сондай-ақ, бізде климаттық мәселелерді сақтандыру бағыттарында жұмыстар, орман алқаптарын қорғау бойынша шаралар жасалуда. Германия әлем халқының 1% және зиянды шығарындылардың 2% құрайды. Біз 2030 жылға қарай көмірқышқыл газы шығарындыларын 55%, ал 2050 жылға қарай көміртек нейтралы жағдайына көшуді қамтамасыз етеміз»,- деп түйіндеді А. Меркель.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама штаттарында жұмыс сапарымен жүр.
Соңғы жаңалықтар