+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

БҰҰ: Азық-түлікті өндіру мен тұтыну әдістерін өзгерту керек

2021 жылғы 26 қыркүйек 17:01
Бөлісіңіз:
БҰҰ: Азық-түлікті өндіру мен тұтыну әдістерін өзгерту керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша жүз миллионға жуық адам жеткілікті тамақтанбайды немесе семіздікпен ауырады. Сол себепті азық-түлікті өндіру мен тұтыну әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өткен Бас Ассамблеяның 76-шы сессиясы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Өзбекстанда жыл соңына дейін тұрғындардың 80 пайызы вакциналанады Грузия туристерді қысқы курорттарға қабылдауға дайын Еуропалық Кеңес: Еуроодақтың  кей елдерінде COVID-19 вирусына қатысты жағдай өте күрделі

«Үш миллиард адам дұрыс тамақтанбайды. Екі миллиард адамның артық салмағы бар немесе семіздікпен ауырады. Ал 462 миллион адам аштықта өмір сүруде», - деді БҰҰ басшысы.

БҰҰ басшысы жаңа экологиялық қауіпсіз азық-түлік жүйелерін құру қажет деп санайды. Антониу Гутерриш пен саммиттің өзге қатысушылары азық-түлік жүйелерін қайта қарап, адамдардың денсаулығын жақсарту, олардың әл-ауқатын көтеріп, ғаламшарды сауықтыру үшін үш негізгі мақсат қоюды ұсынып отыр. Оның айтуынша, азық-түлік жүйелері барлық адамның денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуға ықпалдасуы керек және ғаламшарды қорғауы тиіс. Оған қоса, жүйелер тек қана бизнес пен үлескерлердің әл-ауқатын емес, сонымен қатар фермерлер мен азық-түлік өнеркәсібінде қызмет ететін жұмысшыларды қолдауы керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT