+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

БҰҰ Ауғанстан көмек көрсету үшін Алматыда гуманитарлық хаб құруды қолдады

2021 жылғы 20 қыркүйек 19:54
Бөлісіңіз:
БҰҰ Ауғанстан көмек көрсету үшін Алматыда гуманитарлық хаб құруды қолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға көмек көрсету үшін Алматы қаласында халықаралық хаб құру мүмкіндігі туралы мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдан 626 км қашықтықта жер сілкінді Алматыда 9 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды Биыл Алматыға 803 млрд теңге инвестиция тартылды

«Ауғанстанға көмек, ең алдымен азық-түлік жеткізу үшін БҰҰ-ның халықаралық логистикалық хабі ретінде Алматыны қолдану идеясы аталған елдегі гуманитарлық апаттың алдын алудағы әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне іс жүзінде жәрдем көрсетуге бағытталған. Қазақстан бастамасы БҰҰ-ның ресми өкілдері тарапынан алдын ала оң реакция алды. Егжей-тегжейін талқылау оны барлық мүдделі тараптармен келіскеннен кейін ғана орынды», - деп атап өтеді министрлік БАҚ өкілдерінің ресми сауалына орай.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің атап өтуінше, Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының Қазақстанның оңтүстік астанасында орналасуы аталған елге көмек көрсету үшін Алматы қаласында халықаралық хаб құру бастамасының жүзеге асырылуына маңызды дәлелі болып отыр. Ол Ауғанстанға халықаралық көмекті үйлестіруші орталыққа айнала алады. Сол арқылы Ауғанстан экономикасы күйреуінің алдын алуға, босқындар легінің артуына жол бермеуге, өзге де гуманитарлық сипаттағы салдарды болдырмауға сеп болады.

«Көлік логистикасы тұрғысынан Алматының қолайлы орналасуы (Кабулдан ұшақпен 3 сағаттық жер) және транзит хабын ұйымдастыру үшін қажетті ифрақұрылымының болуын да маңызды фактор санаймыз. Сонымен қатар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде астық пен ұн сынды азық-түлік көмегін жеткізуші де бола алады. Тиісті уағдаластыққа қол жеткізілген жағдайда Ауғанстанға жүк тасымалдау үшін әуе кемелерінің кірепұлы мәселесі БҰҰ құзіретінде қалады», - деді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT