БҰҰ Астанада өтетін Сирия келіссөздеріне шақырту алуға үміттенеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффана де Мистурдың кеңсесінде Астанадағы келіссөздерге шақырту алуға үміттенетінін мәлім етті. Олардың айтуынша, БҰҰ ҚК резолюция туралы ұсынысында 23 қаңтар күні Астанада БҰҰ-ның қатысуымен келіссөз болатыны ескертілген. Осы күнді Түркия СІМ-інің басшысы атап өткен, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

«Біздің түсінуімізше, Астанадағы ұйымдастырушылар дайындықты бастап жіберген. Бізді шақырады деп және осы жиынға қатысамыз деп үміттенеміз», - деді ол.

Сондай-ақ, кездесуге дайындық барысында «оппозиция» өкілдері 16 қаңтарға дейін өздерінің баратын делегациясының құрамын бекіту бойынша міндеттеме алды. 

Соңғы жаңалықтар