БҰҰ Алматы мен Ауғанстан арасында әуе дәлізін құруға ынталы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен ұлттар ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының арнайы өкілі және басшысы Дебора Лайонс миссия қызметкерлері Алматыдан Кабулға қалай қатынауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Алматыдан Ауғанстанға тікелей рейс жасау үшін келісімшарт жасай аламыз. Бірақ қазір бұл мүмкін емес. Дегенмен, халықаралық қызметкерлеріміз Ауғанстанға ұшып, бір-бірін ауыстырып отыруы үшін алдағы айларда осындай дәліз құра аламыз деп үміттенеміз. Бұл бізге Ауғанстандағы жұмысымызды жалғастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қызметкерлерді алмастырып отырар едік», - деді Дебора Лионс орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

БҰҰ өкілі бұл мәселе жуық арада біржақты шешілуі мүмкін деген ой айтты.

«Көбіміз коронавирус инфекциясының салдарынан қашықтан жұмыс істеуге үйреніп қалдық. Біз Кабулмен өте тиімді байланыс орнаттық, осы кездесуден шықаннанк кейін мен Кабулмен көптеген мәселені шешу үшін бірқатар қоңырау шалуым керек. Адамдардың ауысымын қамтамасыз ету үшін, әрине, рейстердің болуы өте маңызды және бұл біз жұмыс істейтін негізгі басымдықтардың бірі болады. Біз бұл мәселелерді Дохамен де талқылап жатырмыз», - деді Біріккен ұлттар ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының арнайы өкілі.


Соңғы жаңалықтар