БҰҰ алдағы 5 жылда Жердегі температураның рекордтық көрсеткішке жететінін болжады

None
None
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік метеорология ұйымы (ДМҰ) алдағы бес жылда Жерде жаңа температура рекорды орнатылады деп болжап отыр. Мұндай болжам сәрсенбі күні Женевада жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орташа температураның жаңа жаһандық рекорды алдағы бес жылда тіркеледі (2020-2024 жылдары)», - делінген Дүниежүзілік метеорология ұйымының ресми сайтында.

«Болжам бойынша, температура әрі қарай өсуі мүмкін, әсіресе ендікте және құрлықта жоғары болады», - деп мәлімдеді ДМҰ.

Сарапшылар соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткен «климаттың өзгеруі мен оның ғаламшарға ықпалына» назар аударып отыр. Ұйымның мәліметінше, «температура – климаттың индикаторлардың бірі ғана». Басқа индикаторларға атмосферадағы көміртегі қос тотығының концентрациясы, мұхит қышқылдығының қызуы және күшеюі, теңіз деңгейінің көтерілуі және Арктика мен Антарктикадағы мұздардың тепе-теңдігінің өзгеруі жатады. Қазіргі уақытта «барлық индикторлар соңғы бес жылда климаттың жылдам өзгергеніне дәлел болып отыр».


Соңғы жаңалықтар