БҰҰ 70 жылдық мерейтойлық сессиясында Елбасы көтерген бастамалар Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырады - Ғ.Төлеғұл

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - БҰҰ 70 жылдық мерейтойлық сессиясында Елбасы көтерген бастамалар Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырады.

Ақмола облысындағы қоғам қайраткері, жазушы Ғосман Төлеғұл осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, Елбасы Н.Назарбаевтың бүкіл әлем елдері басшыларының алдында сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыру, Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын, ХХІ ғасырдағы ядросыз әлем қалыптастырудың жаңа болашақтық тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ, БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселесін ойластыруды ұсынғаны бұл еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырып қана қоймай, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және экономикамыздың одан әрі қарыштап дамуына жол ашпақ.

«Елбасымыз Нью-Йорк қаласында өткен әлемдегі ең беделді ұйым БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында дүниежүзі елдерінің жаһандық дамуына қатысты қадау -қадау міндеттерді алға тартып, бұл жолы да өзінің данагөйлігімен әлем басшыларын таңқалдырды. Әсіресе, Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстан үшін бұл міндеттер немесе алға қойған мақсаттар ауадай қажет. Қазіргі кезде Тәуелсіз Қазақстандағы дінаралық, этносаралық татулық пен тұрақтылық, қоғамдық келісім және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді бүкіл әлем мойындап отыр.

БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыру, Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын, ХХІ ғасырдағы ядросыз әлем қалыптастырудың жаңа болашақтық тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі ұсынысы оған мүше елдер арасында қолдау табатыны анық. Ал, БҰҰ-ның штаб-пәтерін әлем халқының үштен екісі орналасқан Азияға көшіру мәселесін ойластыру бұл аса зор стратегиялық маңызға ие. Елбасының Азия деп тұрғаны ол біздің сүйікті, дүниежүзілік саяси аренада ойып тұрып орын алатын БҰҰ меңзейтін бейбітшілік пен келісімнің мекеніне айналған Астана екені сөзсіз. Беделді ұйымның штаб пәтері келешекте осында көшірілетін болса, онда оның өңірдің дамуын, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызы зор болар еді. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойлық сессиясында Елбасы Н.Назарбаев көтерген бастамалар Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырып қана қоймай, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және экономикамыздың одан әрі қарыштап дамуына жол ашатыны сөзсіз», дейді Ғ.Төлеғұл.

Соңғы жаңалықтар