БҰҰ: 2050 жылға дейін әлем халқының саны 2,2 миллиардқа артады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2050 жылға дейін әлем халқының саны 2,2 миллиардқа артады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық саны жөніндегі қоры (ЮНФПА) мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қордың «2018 жылғы әлем халқының саны» атты баяндамасында осы өсімнің жартысынан астамын Африканың Сахара шөлінен оңтүстікке қарай орналасқан елдері қамтамасыз ететіндігі айтылған.

«Қазіргі кезде әлемдегі 43 елде бір әйелге шаққандағы туу көрсеткіші төрт баладан асады. Осы тізімдегі 38 ел Африка құрлығында орналасқан», - делінген баяндамада.

БҰҰ келтірген мәліметтерге қарағанда, соңғы ширек ғасырда әлем бойынша репродуктивтік құқыққа байланысты ахуал мейлінше жақсарған. Дегенмен жыл сайын 300 мыңға жуық әйел туу кезінде қайтыс болады. Мамандар бұған себеп ретінде сол елдердегі репродуктивтік құқық толыққанды қамтамасыз етілмегендігін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар