Бұрыш баллонынан зардап шеккен алматылық оқушылардың жағдайы белгілі болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы № 96 мектепте бұрыш баллонынан зардап шеккен балалардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына үш бала жатқызылды.

«Үшеуінің де жағдайы орташа қалыпты. Барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр»,- деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бұған дейін №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-шы сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған 7 оқушының зардап шеккені туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар