Бұрыш баллонынан уланған балалар ауруханадан шықты - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұрыш баллонынан уланған балалар ауруханадан шықты. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандар олардың денсаулығын бірқалыпты жақсы деп бағалап отыр. Айта кету керек, оқиға Медеу ауданындағы №7 мектепте орын алған болатын. Мектеп дәлізінде белгісіз біреулер бұрыш баллонын шашып жіберген. Салдарынан 21 оқушы ауруханаға жатқызылған еді. Олардың көбі 13 жасқа дейінгі балалар. Балалардың басы айналып, құсып, улану белгілерімен түскен. Қалалық полиция қазір аталған деректі өз бақылауына алды. Жүргізілген тергеу нәтижесінде бұрыш баллонын 9 сынып оқушысы сепкені анықталды.

Соңғы жаңалықтар