Бұрынғы вице-министрлерді үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық сотының баспасөз қызметі жемқорлық күдігіне іліккен бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің тағдыры жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәдібеков Ғани Қалыбайұлы мен Жақсалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлын үйқамақта ұстау мерзімі 1 желтоқсанға дейін ұзартылды», - деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметінен.

2018 жылдың тамызында аталған шенеуніктерді үйқамақта ұстау мерзімі 1 қыркүйекке дейін созылған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібековке «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен сөз байласып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. 

Қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж. Нұрбеков және мердігер ұйымның өкілдері С. Жұмалинов және Б. Қадырберлин де қатысқан.

Ал, Бақытжан Жақсалиев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау барысындағы заңға қайшы әрекеттерге барды деп айыпталды. https://kaz.inform.kz/news/kr-energetika-ministrinin-tagy-bir-orynbasary-ustaldy_a3276274

Күдікті вице-министр 2015 жылы «Аймақ и К» ЖШС мердігер ұйымының мүддесі үшін лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдаланған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарлауынша, Б.Жақсалиев орындалған жұмыстың көлемі 30 есе артық бағаланғанын біле отырып, жалпы сомасы 863 млн теңгені құрайтын су қоймасының түбінен 109 мың текше метр шөгінділерді алу туралы актілерге қол қойып, аталған соманы мердігерге аударған. Сот сараптамасының қорытындысы бойынша аяқталмаған жұмыстардың құны 746 млн теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар