Бұрынғы вице-министр ірі көлемдегі парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бірнеше рет пара алған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновты ұстады.

Комитет төрағасы С. Хасенов бұрын Министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Е. Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды.

С. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған. 

Сонымен, Қазақстан аумағы бойынша 1 000 тонна құс етін кедергісіз өткізуге рұқсат бергені үшін «Хладоленд» ЖШС басшыларынан 5 млн теңге көлемінде кезекті пара алу барысында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет С. Хасенов пен Е. Решетьконы  ұстады.

Олар кінәларын толықтай мойындады.

Қазіргі уақытта С. Хасенов абақтыға жабылды.

Сот алды тергеу жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар