+7 (701) 759 90 19
USD 421.98 EUR 511.61
RUB 5.61 CNY 65.27
Jańalyqtar

Бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салған күдікті ұсталды

2020 жылғы 24 қараша 18:29
Бөлісіңіз:
Бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салған күдікті ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салып, оқиға орнынан жасырынып, жарым ай бойы іздеуде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.

«23 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталып, уақытша оқшаулау орталығына қамауға алынды»,-деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 10 қазан күні сағат 22.50 шамасында Қарағандының медициналық мекемелерінің біріне пышақ жарақатын алған 28 жастағы әйел жеткізілді. Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөлімінде кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу барысында полиция 23 жастағы ер адамды күдікті ретінде анықтап, іздеу жарияланған болатын.

Жарақаттанған қыз 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT