Бұрынғы қылмыстары үшін бой тасалап жүрген 107 адам ұсталды - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен аптада бұрынғы қылмыстары үшін жасырынып, бой тасалап жүрген 107 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада Ішкі істер министрлігі «Қаңғыбас» ауқымды алдын алу шарасын өткізді. Бұл шара - тұрақты тұратын жері жоқ, кезбелікке салынып өмір сүретін азаматтардың арасында қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Операция нәтижесінде 5 500 адам анықталып, олардың қандай да бір қылмысқа қатыстылығы ортақ ақпараттық база арқылы тексерілді«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, екі күн ішінде полиция қызметкерлері осы бағыттағы 55 қылмысты ашты. Бұрынғы қылмыстары үшін жасырынып, бой тасалап жүрген 107 азамат ұсталды. Жоғалып кеткендердің санатында жүрген 72 адам іздестіріліп табылды. «Мәселен, Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 2012 жылы Алматы қаласында қарулы топпен 3 адамды өлтіру қылмысына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. Павлодарлық полицейлер 2012 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысында тонау жасаған күдіктіні ұстады. Ал Алматы облысы Іле ауданында 2009 жылдың қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен азамат табылды«, - деді Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар