Бұрынғы елорда атауымен берілген құжаттар заңды күшін жоймайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық нотариаттық палата Астана қаласының атауы өзгеруіне байланысты елордалықтарға нотариустар қызметінің кейбір мәселелерін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылжымайтын мүлік мәмілелерін куәландыруға қатысты

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының 6-бабы 2 тармағына сәйкес жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайы) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде мұндай өзгерістерді тіркеу құқық иеленушіге жүктеле алмайды және өтеусіз жүзеге асырылады», - деп атап өткен Республикалық нотариаттық палатадан .

Осыған орай азаматтар мен заңды тұлғалардың елорданың бұрынғы атауы көрсетілген ресми құжаттары заңды күшін жоймайды. Бұған қоса, жылжымайтын мүлікке арналған құқықты бекітетін құжаттарды өзгерту талап етілмейді. Құжаттарды алмастыру олардың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін немесе жоғалған жағдайда және көшірмесін алған кезде ғана жүзеге асырылады.

«Жылжымайтын мүлік мәмілелетін куәландыру үшін азаматтар немесе заңды тұлғалар жүгінген кезде нотариустарға елорда атауының өзгергендігін растайтын қосымша анықтама мен өзге де құжаттарды талап етпеуге кеңес береміз. Өйткені, атаудың өзгеруі барлығына белгілі факті саналады және қосымша растауды қажет етпейді», - деп жүгінеді палата елордалық нотариустарға.

Нотариаттық құжаттарда Нұр-Сұлтан қаласы деп жазу «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу туралы» ҚРЗаңы ресми жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, ҚР Әділет министрлігі Астана қаласы атауының өзгеруіне байланысты азаматтардың қолданыстағы құжаттарын ауыстырудың қажеті жоқ екендігін мәлім еткен еді.

Соңғы жаңалықтар