Бұрынғы Экология министрі Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұрынғы Экология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына сілтеме жасап.

Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол газ жобаларын дамытуға жетекшілік етеді.

Еске салсақ, С. Брекешев 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.

Әр жылдары Техникалық саясат департаментінің директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ-да ресурстық базаны және техникалық саясатты дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары;

ҚР Мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры;

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да және «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ-да инженерлік-техникалық позицияларды иеленді.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Фото: t.me/samrukazynaofficial




Соңғы жаңалықтар