+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО

2021 жылғы 23 қаңтар 20:43
Бөлісіңіз:
Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының тұрғыны бұрынғы әйеліне барып мазасын алғаны үшін 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
1 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі «Португалия – Қазақстан» сауда палатасының төрағасы Алғыс айту күнінің маңыздылығын айтты Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болды

Ол бірнеше рет бұрынғы әйелінің мазасын алған. Бұл жолы мас күйінде түнде оның үйіне барып, сөйлеспекші болған, алайда әйел сыртқа шықпаған. Ашу буған ер адам терезені сындырып, үйіне кірген. Заңсыз әрекеті үшін ол 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді.

«Пробация қызметінің есебінде тұрған азамат қоғамдық орындарда қар күреп, қоқыс жинауға жіберілді. Күніне төрт сағат жұмыс атқарып жатыр. Сотталғанның атқарған жұмысы мен мінез-құлқы тұрақты бақылауда», - деді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің қызметкері, әділет майоры Серік Бекболданов.

Егер қоғамдық жұмысты орындаудан бас тартқан жағдайда қамауға алынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT