Бұрынғы әлем чемпионы Головкин Канелоны қалай жеңе алатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Тимоти Брэдли қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) алдағы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz cайтына сілтеме жасап.

«Головкиннің «Канелоны» жеңу мүмкіндігі өте жоғары. Бірақ ол жақын қашықтықтағы жекпе-жекте мүмкін болмайды. Мәселе, міне, осында. Жекпе-жек жақын арада өтсе, жеңіс «Канелоға» беріледі. Егер Головкин қозғалып, «Канелоға» оны қысып, арқанға қадауына мүмкіндік бермесе, онда оның жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары. Сондай-ақ Головкин өз джебін пайдаланып, Канелоны қашықтықта ұстаса, жекпе-жекті өз пайдасына аяқтай алады» - деді Брэдли.


Фото: sportingnews.com



Соңғы жаңалықтар