Бұрынғы әлем чемпионы Дэнни Гарсия Головкинді рингке шақырды

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэнни Гарсия қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді қалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ, алдымен Гарсия орта салмақтағы WBA әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лараны жеңуі тиіс.
«Содан кейін (Ларамен айқастан кейін) ең үлкен жекпе-жек өткізгім келеді. Осы айқастан кейін орта салмақтағы чемпион атанамын. Мүмкіндігінше ең үлкен айқаста жұдырықтасатын боламын.
(Эррол) Спенспен матч-реванш өткіземін, «Канело», GGG (Геннадий Головкин), бәрімен айқасамын. Ең үлкен кездесулер осы жекпе-жектен кейін өткенін қалаймын», - деді Гарсия YSM Sports Media-ға.


Соңғы жаңалықтар