Бұрынғы Adal партиясының мүшелері Мәжілісте депутат бола алады - Ерлан Қошанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы сайлауда бұрынғы Adal партиясы мүшелері Amanat-тың атынан Мәжілісте депутат бола алады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Е. Қошановқа бұрынғы Adal партиясы мүшелерінің Мәжіліске депутат ретінде келу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Олар келесі сайлау болғанда және Amanat партиясы ұтқанда, партияның ішінде олар да депутат болады деп ойлаймын», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Adal партиясы Amanat-қа қосылды.

Президент Amanat партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды .

Биыл наурыз айында Adal партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партияның Amanat-қа қосылу шешімін түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар