Бұрын жемқорлығы үшін сотталған адам «ҚазАвтоЖолда» басшылық қызмет атқарған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы басшысының орынбасарының бұрын жемқорлықпен сотты болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысы жемқорлықтың алдын алу басқармасы өңірде жемқорлық тәуекелдеріне қатысты талдау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Ақмола облысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы басшысы орынбасарының бұрын жемқорлық қылмысын жасағаны анықталды. Басқарманың араласуымен әлгі лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтен кетіп тынды», - делінген Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге, филиалдың жұмысында бірқатар жемқорлық тәуекелдерінің бары белгілі болған. Атап айтқанда, филиал жұмысшыларының нысандарға шығуы бақыланбайтыны, мердігерлермен тікелей байланыс орнатып, жол қызметі нысандарын орналастыру бойынша «жасырын» қызметтер көрсеткені анықталған.

«Жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында басқарма тиісті кеңестерді жолдады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар