Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Бұрын 2 облыстың полиция департаментін басқарған генерал-майор ұсталды

2022 жылғы 24 мамыр 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«23 мамырында Антикоррупциялық қызмет 1963 жылы туған полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктелуде», - делінген агенттік хабарламасында.Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы уақытша ұстау орталығына қамауға алынды.Тергеу мүддесінде өзге деректер жария етілмейді.

Новости по теме