Бұршақ, жел, жауын - Жұмаға арналған ауа райы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 17 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан аумағының кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысындың кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, шаңды дауыл тұрады. Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Ал Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар