Бұршақ, жел, тұман: Қостанай мен Ақмолада күн бұзылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, 23 м/с жетеді.

5 қыркүйек күндіз Қостанай қаласында шығыстан және солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

5-6 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Күн күркіреп, түнде және таңертең тұман түседі. 5 қыркүйек күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. 6 қыркүйек кей жерлерде дауыл соғып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

5 қыркүйек түнде және таңертең Көкшетау қаласында тұман күтіледі. 6 қыркүйекте түнде және таңертең нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз желдің күші секундына 15-18 метрге жетеді.


Соңғы жаңалықтар