Бұршақ, жауын, шаңды дауыл - сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстікте- шаңды дауыл, оңтүстік-батыста - тұман.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар