Бұршақ, шаңды дауыл, жауын- Сенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, оңтүстікте - шаңды дауыл болады.

Тек республикамыздың батысында жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с  күшейеді, кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертен жекелеген ауданында тұман күтіледі.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.  

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз шаңды дауыл, дауыл болып, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Алматы, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты болады.

Маңғыстау  облысының басым  бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл , Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар