Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.12 EUR 409.67
RUB 5.33 CNY 52.34
Жаңалықтар

Бұршақ, дауыл, күшті жел: Синоптиктердің 14 маусым күнгі ауа райы

2018 жылғы 14 маусым 07:09 578
Бөлісіңіз:
Бұршақ, дауыл, күшті жел: Синоптиктердің 14 маусым күнгі ауа райы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысыннда сондай-ақ шаңды дауыл күтіледі.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Қостанай облысында найзағай күтіледі.

Сондай-ақ синоптиктердің хабарлауынша, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

 


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат