+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бұршақ, дауыл, екпінді жел – Сәрсенбіге ауа райы болжамы

2019 жылғы 15 мамыр 07:16
Бөлісіңіз:
Бұршақ, дауыл, екпінді жел – Сәрсенбіге ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 мамыр күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте жене онтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Оңтүстікте - шаңды дауыл, солтүстікте және солтүстік-батыста тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 23-28 м/с артады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады, түнде жел күшейеді, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау облысында дауыл, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT