Бүркітшілер тойындағы келеңсіздіктер - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Хабаршы көгершіндердің 500 шақырымдық  жарысы өткізілді -  «Ағажай Алтай» порталы
null

null 

Осы аптада kz.ts.cn  сайтының хабарлауынша Қытайдың Алтай аймағында қызықты бір қоғамдық шара ұйымдастырылыпты. «Алтай аймақтық кептерлер қоғамы» деп аталатын ұйым көгершін құстың алыс қашықтықтағы бәйгесін  өткізген. Аталған жарысқа жалпы жиыны 560 көгершін қатысқаны айтылады. «Кептер әуескерлері» деп аталатын топ  жарысқа қатынасатын құстарын аймақтық ұйымға тапсырған. «Кептерлер қоғамы» жарысқа қатынасатын қанаттыларды 500 шақырым қашықтықтағы Мори қазақ автономиялы ауданына апарып, қоя берген. Көгершін баптаушылар соңғы көмбе ретінде Алтай қаласындағы «Аққайың» деп аталатын  бақшаны белгілеген. Бірақ кімнің құсы бірінші болып келгені айтылмапты. Басылымның мәліметінше, бұндай шара бірінші рет ұйымдастырылып отырылған жоқ. Биылғы қоғамдық шара көгершін құсты баптайтындар әртүрлі ұлттан құрам тапқандықтан «Ынтымақты болып, отанды, бейбітшілікті сүю» деген тақырыппен өтіп отыр екен. Аталған ұйым «құс бәйгесін» әр жылы 1 мамыр және 1 қазан күніне орай қолға алатын көрінеді.
null 

«Көгершіндер бәйгесі бейбітшілікті, ұлттар ынтымағын және біздің ортақ  тілегімізді бейнелейді» дейді «Алтай аймақтық хабаршы кептерлер» қоғамының орынбасар бастығы Уаң лин.

Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздігін жариялауы - trt.net.tr

Осы аптада дәл осындай тақырыппен Түркия радио жəне теледидар мекемесінің веб сайтында көлемді мақала жариялады. Мақала авторы түркиялық қандасымыз тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара. Тарихшы ғалым бұл жазбасында Қазақстанның тәуелсіздік алуының жалпы жағдайын толықтай айта келіп, Кеңес одағы елдері арасында Қазақ елінің не үшін тәуелсіздік туын кеш көтергені турасында тоқталады. Және оның нақты себебін айтады.

«1991 жылы тамыз айында Кеңес одағындағы төңкерістік әрекеттен кейін Кеңестік елдер бірінің артынан бірі тәуелсіздіктерін жариялай бастады. Қазақстан болса тәуелсіздігін жариялауда асықпады. Бүгінгі мақаламызда Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау үдерісіне тоқталмақпыз» деп бастайды мақаласын профессор Әбдіуақап Қара мырза.

Әбдіуақап Қара бұл тарихи жазбасында Кеңес одағын сақтап қалу жөніндегі әрекеттердің құлдырау себептерімен бірге, ең алдымен Украинадан басталған 10-ға жуық елдің тәуелсіздік жариялай бастауын, ал осы елдердің ең соңында тәуелсіздікке қадам жасамай отырған екі ел Ресей мен Қазақстан ғана еді. Қазақстанның тәуелсіздікке асықпауын сол уақыттағы тарихи жағдайға сай «дұрыс шешім екенін көреміз» дейді және автор оның өзіндік себебін ашып жазады.

«...Өйткені 1991 жылы Қазақстанда қазақтар өз елінде басым болмай, 40 пайыз мөлшерінде азшылықта болғандықтан, мезгілсіз тәуелсіздік өзге ұлттардың қарсылығын туғызып, ұлтаралық қантөгіске себеп болуы мүмкін еді. Сондықтан өзге ұлттарды тәуелсіздіктен оларға ешқандай зиян келмейтінін, қауіп-қатер болмайтынын түсінетін ыңғайлы уақытты күту өте маңызды болды. Сол кездегі уақиғаларға көз жүгірткенімізде, бұл үшін 1991 жылы 16 желтоқсан күнінің ұтымды екенін көреміз...» деген тарихшы Әбдіуақап Қара.

Автор осылайша талдау жасай отырып, ТМД-ның құрылуы сол кездегі Қазақстан тәуелсіздік жариялауындағы маңыздылықтарына тоқталып, Қазақ елінің кешірек яғни 16 желтоқсанда тәуелсіздік жариялауының өте оңды шешім болғанына сенім білдіреді.

Тарихшы ғалымның Қазақстан республиасының әлем сахнасына көтерілуінің алғашқы құтты қадамы туралы жазған мақаласының соңында еліміздің нық басқан кейінгі қадамдарына да жоғары бағасын береді. Көреген көшбасшының бастауымен Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді бір мүшесіне айналуы, сондай-ақ елдің бас қаласын Алматыдан Астанаға көшіріп, Сарыарқаның төсінде әлемге үлгілі де көрікті қала салып, көшпелі түркі мәдениетінің белді мүшесі қазақтардың отырықшыл қала мәдениетінің де озық өкілі екендігі турасында жазады.

«...Бұдан кейін қазақ халқының жаңару кезеңі басталды. Қысқа уақыт ішінде әлемдегі екі жүзден астам мемлекет Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді бір мүшесіне айналды. Экономикалық табысты реформалар Қазақстанның «Еуразияның жарқыраған жұлдызы» деп аталуына себеп болды. Елдің бас қаласы Алматыдан Астанаға көшіріліп, Сарыарқаның төсінде әлемге үлгілі де көрікті бір қала салынды. Бұл көшпелі түркі мәдениетінің белді мүшесі қазақтардың отырықшыл қала мәдениетінің де озық өкілі екендігін белгісі ретінде тарихқа енді.

Тәуелсіздіктің арқасында Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен арылды... Кезінде жатжұрттық өктем билеушілердің зорлық-зомбылықтары салдарынан туған жерінен шет елдерге ауған қазақтар атамекендеріне қоныс аудара бастады. 1992 жылдан 2017 жылға дейін дүниежүзі қазақтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығында бес құрылтай өткізді. Бір миллионнан астам қазақ атамекеніне оралды. Міне, осылардың барлығы тәуелсіздіктің арқасында болған жақсылық. Сондықтан да 1991 жылы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік қазақ тарихындағы ұлы оқиға деп жоғары бағаланады. Бұдан кейін барша Алаш баласының мақсаты біреу-ақ. Ол - Қазақстан тәуелсіздігін мәңгі ету» деп түйіндейді сөзін Әбдіуақап Қара мырза.

Қазақстан Қытайға жылына 5 млрд текше метр газ экспорттайтын болды - Fars ақпарат агенттігі 
null 

Дәл осындай хабарды түркиялық басылымдар мен қоса ирандық ақпарат құралдары да жарыса жазды. Біз апта соңында жарық көрген parstoday.com -ның жазбасын оқырмандарға ұсына кетуді жөн көрдік. 

«Қазақстанның «ҚазТрансГаз» және Қытайдың PetroChina International Company Limited компанияларының арасында Қытайға жылына 5 млрд текше метр табиғи газ эскпорттау туралы келісімге қол жеткізілді», - делінген мақалада.

«Қазақстан газының транзит жолдарын түрлендіру мен оның экспорт мөлшерін ұлғайту ел Президенті айқындаған стратегиялық мақсаттар болып табылады»  деген «ҚазТрансГаз» компаниясының тасымал және маркетинг бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Шарипбаевтың пікірін де қоса жазады аталған ақпарат көзі.

parstoday.com-ның мәліметіншеҚазақстанның табиғи газдың осынша көлемін экспорттаудан табатын пайдасы 1 миллиард доллардан асады екен.

Сондай-ақ,  дәл осы ақпараттық агенттік «Қазақстан Қытай мен Ресейге темір жол арқылы экспорт мен импорт көлемін арттырды» деген хабарды жариялағанын айта кеткіміз келеді. Parstoday.com -ның жариялаған жаңалығында Қазақстанның Ресей мен Қытайға темір жол арқылы жасалатын экономикалық ықпалдастығы арта түспек делінген. 

«Қазақстан 2017 жылдың қаңтар және қыркүйек айлары аралығында темір жол арқылы экспорт көлемін 12 пайызға, импорт көлемін 19 пайызға арттырды. Аталған уақыт аралығында Қазақстаннан Қырғызстанға жүк тасымалдау көлемі 24 пайызға, Қытайға 19 пайызға, Ресейге 12 пайызға артты. Ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанға Қытайдан темір жол арқылы келген импорт көлемі 26 пайызды, Ресейден 19 пайызды, Өзбекстаннан 16 пайызды құрады. Осы уақыт аралығында Каспий халықаралық транзит теңіз жолдарының жүк тасымалдары арқылы экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 62 пайызға ұлғайды» дейді Fars ақпарат агенттігі.

Д.Қасейіновке «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді - trt.net.tr
null 

Осы аптада ТР Сыртқы істер министрлігі Түріксой Бас хатшысы қазақстандық  Дүйсен Қасейіновті осындай медалмен марапаттады. Бұл туралы Түркия радио жəне теледидар мекемесінің веб сайтында хабарлаған болатын.

«Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой бас хатшысы профессор  Дүйсен Қасейінов түрік тілі,  мәдениеті және өнерінің қорғалуына қосқан үлесіне орай Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» сыйлығына лайық деп табылды» жазады аталған ақпарат агенттік. 

Түркия радио жəне теледидар мекемесінің веб сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, Түркияның дос және бауырлас елдер Әзербайжан, Белоруссия, Грузия,  Қазақстан, Қырғызстан, Молдова,  Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Украинамен арадағы дипломатиялық қатынастардың құрылғанына 25 жыл толуы Анкарада аталып өткен.

Анкара Паласта болған шараға ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, 1992 жылы бұрынғы Кеңес Одағынан бөлініп,  тәуелсіздігін жариялаған он елдің өкілетті елшілері мен дипломатиялық өкілдерімен бірге басқа да елдердің өкілдері қатысқан.

«Түрік мәдениетін жалғастыру және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында жұмыс істейтін Түріксойдың құрылғанына да 25 жыл толғанын атап көрсеткен Сыртқы істер министрі Чавушоғлу осы ұйымның бас хатшылығын 2008 жылдан бері атқарып келе жатқан Профессор Дүйсен Қасейіновке ерекше алғыс білдірді» деп жазады түркиялық басылым.

Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күніне орай Әзербайжан елі мәлімдеме жаиялады - trt.net.tr
null 

Осы аптада аталған бұл ақпараттық порталда жағымды жаңалықтар көп болды. Солардың арасында ең маңыздыларының бірі «3 қазан - Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні» деп аталатын ақпарат екенін атап айтуға болады. «Әзербайжан Республикасы сыртқы істер министрлігі «Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күніне» орай жазбаша мәлімдеме жариялады. Онда Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің ортақ тарих,  тіл, куәлік және мәдениет сынды төрт негізге құрылғанын, мүше елдер арасында ынтымақтастық пен ұйымшылдықтың жетілуі үшін маңызды өңірлік платформа екені айтылды» делінген Түркия радио жəне теледидар мекемесінің веб сайтында.

«2009 жылы Түркия, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан арасында Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесін іске қосқан Нахчыван келісімі қол қойылған 3 қазан күнінің жыл сайын «Түркітілдес елдер ынтымақтастығы күні» ретінде атап өтілгені айтылған Әзербайжандық  хабарламада «Әзірбайжан мүше елдер арасындағы өзара сенімнің нығайтылуы,  өңір мен өңірлер тысында бейбітшіліктің сақталуы, ортақ мүдделерде тиімді ынтымақтастықтарды арттыру,  сауда мен капитал үшін жағымды климат қалыптастыру сынды Түрік кеңесінің барлық мақсаттарына берік» деп атап көрсетілді.

Бүркітшілер тойындағы келеңсіздіктер - kaznews.mn
null 

Өткен аптада «30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Баян-Өлгей аймағының Бұғыты сұмынындағы Саят төбеде бүркітшілер фестивалі өтеді» деп хабарланған болатын. Осы аптада  «Бүркітшілер тойындағы келеңсіздіктер» атты ақпарат Н.Нұржастың  авторлығымен kaznews.mn -де жарық көрді.    

Н.Нұржас есімді фотограф былай деп жазады: «Жылында бір рет ғана өткізілетін бүркітшілер фестиваліне ел ішінен және шетелден 1 мыңға жуық турист, фотографтар келетіні бұрыннан дәстүрге айналған. Ұйымдастырушылар бұл шараға келген шетел азаматтарының әрқайсысынан 30 доллардан алады екен. Бірақ аталған шара ойдағыдай ұйымдастырылмаған», - деп жазады фотограф.

«Басқасын айтпағанда, өтіп жатқан ұлттық шараның ортасында тұрып алған полицейлер суретке түсіруге мүмкіндік туғызбады. Шетелдік туристер «police» деп ескертіп жатқанымен, оны ешкім елемеді.

Фотоға түсіру үшін көріністің маңызды жерлерін қайтсем полицейсіз түсірем деп менде әлек болдым. Қазіргі кезде суреттерімді жариялау үшін кескіндерді кесумен айналысып жүрмін. Келесі жолы ұйымдастырушылар мұндай келеңсіздіктерді қайталамаса екен. Полицияның өтіп жатқан кез келген шара ортасына тұруы міндет емес шығар», - деп жазады автор.

Қоңыр күз келбеті - «Ағажай Алтай» порталы
null 

null 

Дәл осындай тақырыппен kz.ts.cn/altai порталында фоторепортаж жарық көрді. Айта кету керек, қытайлық ақпарат көздерінде суретті хабарлар жариялау бұрыннан қалыптасқан. Аталған ақпарат көзінде «Қоңыр күз келбеті» өткен аптада жарық көрген. Өлкедегі қазақтардың 1-ші дәрежелі саяхат орыны «Қанас көлі» маңындағы табиғаттың таңғажайып көркем көрінісін оқырмандарға ұсына кетуді дұрыс деп таптық. 
null 

«Адам санасына үнсіздік пен сағынышын сезіндіретін, алуан түске боянып тәкаппарлана, маңғаздана қарайтын алтын Алтайдың күзі қандай тамаша!
null 

Жерұйық, құтты мекен Қанасқа бара қалсаңыз, табиғат ана өзі сыйлаған әсемдігіне таңғалмай тұра алмайсыз...» деп делінген фоторепортажда.
null 

Соңғы жаңалықтар