Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды

2018 жылғы 28 желтоқсан 12:57 1496
Бөлісіңіз:
Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғары марапатқа  ие болды

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат gogo.mn сайтына сілтеме жасап. 

«Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығына сәйкес Баян-Өлгей аймағы Өлгей сұмынының мектеп оқушысы, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы «Алтангадас» («Темірқазық жұлдызы». Сөзбе сөз «Алтын жұлдыз» деп аударылады - авт) орденімен марапатталды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүркітші Айшолпан Нұрғайып «The Eagle Huntress» атты өзі туралы деректі фильмнен кейін әлемге танылды. Оған саундтректі атақты әнші Sia жазды

Сондай-ақ, Айшолпан Нұрғайыпқызына жас шағында гендерлік тосқауылды еңсергені үшін Asia Game Changer Awards 2017 сыйлығы берілген болатын.  

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында моңғолиялық қандасымыз Қазақстанға арнайы келіп кетті. Сол тұста Айшолпан түскен «Көшпенділер» деректі фильмінің «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» бөлімі жарияланды.   
Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғары марапатқа  ие болды 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қандастар, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT