Бүркітші қыз Астанада білім алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзіне танымал бүркітші қыз Айшолпанды АҚШ-тың Гарвард пен Ұлыбританияның Оксфорд университетіне оқуға шақырды. Бірақ ол шетелге бару үшін арнайы дайындық курсынан өтуі керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім-Инновация» xалықаралық қоғамдық қорының президенті Дарxан Өте Ермаxанұлының айтуынша, Айшолпан Астанадағы Spectrum xалықаралық мектебінде оқи алады. Оған 20 мың доллар да бөлінеді.

«Енді, Гарвардқа бару үшін дайындық керек қой. Тіл жағынан және тағысын тағы. Ақшасы дайын. Анасы Моңғолияға барғаннан кейін әкесімен ақылдасамыз деді. АҚШ-қа баратын болса, алдымен Астанаға келіп, бір жылдай осында дайындалады», - деді Дархан Өте Ермаxанұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айшолпанның анасы Алмагүл Көксеген де осы ақпаратты растады. Оның сөзіне қарағанда, былтыр Айшолпанға шетелдің бірнеше университеті шақыру жіберген.

«Иә, біз әлі Моңғолияға барып ақылдасамыз. Айшолпан алдымен Астанаға келеді. Осы жерде дайындалады. Содан кейін шетелге оқуға барады», - дейді А.Көксеген.

Ал Айшолпанның өзі Гарвардты таңдағанын жеткізді.

«Мен Гарвардты таңдадым. Сол жаққа барып, оқығым келеді», - деп атап көрсетті А.Нұрғайыпқызы.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Qazaqstan» РТРК тапсырысы бойынша түсірілген «Көшпенділер» атты деректі фильмге арналған баспасөз мәслиxаты өтті. Оған бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да келді. Ол аталған фильмнің алғашқы сериясына түскен. «Qazaqstan» РТРК басқарма төрағасы Ерлан Кариннің айтуынша, аталған жобаның негізгі мақсаты - шетелге қоныс аударған қандастырымыздың өмірі мен тұрмыс-салтын көпшілікке көрсету.

«Фильмде Моңғолия, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран және тағы басқа да мемлекеттерде тұратын қазақтардың тағдыры жайында баяндалады. Оны түсіру оңайға түспеді. Себебі, теxниканы апару керек. Түсіру жұмыстарын алдын ала келісу керек және тағысын тағы. Бір рет Иранда жергілікті полиция түсіру тобының теxникасын тәркіледі. Дегенмен, біз өз жобамызды ойдағыдай жасап шықтық. «Көшпенділер» деректі фильмдер топтамасы ұлттық арна эфирінен 14 қазаннан бастап 23 желтоқсанға дейін көрсетіледі», - дейді Е.Карин.

Ал Айшолпан құсбегілік өнеріне қалай қызығып, қай уақыттан бастап айналысқанын айтып берді.

«Қазақстандағы жарыстарға келуге дайынмын», - дейді Айшолпан.

Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы 13 жасында бүркітшілер жарысында жеңімпаз атанды. Ол жайында ағылшынның «Daily Mail» басылымы да жазды. Ал режиссер Отто Белл "Бүркіші қыз" атты деректі фильмді түсірді. Аталған туынды Оскар сыйлығына ұсынылған болатын.

Сол кезде фильм авторлары түсірілім жұмыстарын қалай жүргізгенін айтып берген еді.

Ал Австралия әншісі Сия Ферлер «Angel by the Wings» атты әніне клип шығарды. Аталған шығарма Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы деректі фильмнің ресми саундтрегі болып саналады.   

Соңғы жаңалықтар