+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Бүркітші Айшолпан туралы жаңа фильм көрермендерге жол тартты

2018 жылғы 21 қараша 00:50
Бөлісіңіз:
Бүркітші Айшолпан туралы жаңа фильм көрермендерге жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың саятшылық өнерін әлемге танытуға өз үлесін қосқан Моңғолиядағы қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызының қатысуымен түсірілген «Көшпенділер» деректі фильмінің «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» сериясы YouTube желісіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» фильмі Youtube видеохостингіне жарияланды. Басты рөлде атақты бүркітші, моңғолиялық қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызы. Фильмде тек Айшолпан туралы ғана емес, одан бөлек моңғолиялық қазақтар және олардың тұрмысы мен бүркітшілік кәсібі туралы баяндалады. Бүркітші Айшолпан америкалық режиссер Отто Белланың - «Eagle Huntress» фильміне түсірілуінің арқасында АҚШ және Еуропаға танымал болды» , - деп жазды «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» фильмінің қоюшы режиссері Қанат Бейсекеев Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, 2016 жылы Айшолпан туралы «Бүркітші қыз» (Eagle Huntress) деректі фильмі жарыққа шыққаннан соң, жас бүркітші жайлы әлемнің BBC, New York Times және CNN секілді маңдайалды БАҚ бірінен соң бірі жарыса жазған болатын.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында моңғолиялық қандасымыз Қазақстанға арнайы келген еді. Онда ол еліміздің атынан жарыстарға қатысуға дайын екенін мәлім етті.

Одан бөлек, аталған фильмнің «Қазақстан» РТРК тапсырысымен түсірілгеннін және оның басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, аталған жобаның негізгі мақсаты - шетелге қоныс аударған қандастарымыздың өмірі мен тұрмыс-салтын көпшілікке көрсету екендігі туралы жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT