+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Бүркіт Аяған: Алтын ордаға қарыздар мемлекеттер оның тарихын зерттемей отыр

2019 жылғы 17 қазан 11:59
Бөлісіңіз:
Бүркіт Аяған: Алтын ордаға қарыздар мемлекеттер оның тарихын зерттемей отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алтын ордаға қарыздар мемлекеттер – Еуразия тарихшылары оның тарихын зерттемей отыр. Әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан дөңгелек үстелде тарих ғылымының докторы, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған Алтын орда мемлекетінің тарихына қатысты осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тимур Козырев: Қазақстан – Алтын орданың тікелей мұрагері деген тарихи шындықты қайтару керек Ұлыстың негізін қалаған Жошы хан: Ұлық ұлыстың атасы Алтын орданың 750 жылдығы туризмді дамыту тұрғысында тойланады - Президент

«Алтын орда тарихы жеткілікті деңгейде зерттелмей жатыр. Алайда қазіргі мемлекеттердің көбі осынау алып мемлекетке қарыздар. Еуразияның тарихшылары неліктен Алтын орда тарихы жайлы ауыз ашпай отыр. Бұл жерде бір әділеттілікті айта кету керек: Ресейде революцияға дейін Ключевский, Костамаров, Зернов, Бартольд қатарлы тарихшылар объективті зерттеу жүргізген. Әлбетте, олардың еңбегінен бірқатар субъективті қате таба аламыз. Алайда олар орасан зор еңбек атқарып кетті. Татар ғалымы Махмуд Сапарғалиевтің еңбегі мен ізденісі – ең керемет зерттеулердің бірі болып қалып отыр», - деді Бүркіт Аяған елордада өтіп жатқан «Алтын орда. Тарих пен тағылым» атты дөңгелек үстелде.

Тарихшы өз сөзінде Алтын орда тарихын зерттеуде ғалымдар корпусы мен әдістеменің өзіне совет заманы тұсында қатты залал келгенін атап өтті.

«Совет қоғамын құрудағы талап-тілек тарихтануға үлкен соққы беріп, Алтын орда кезеңін зерттеу өлі нүктеде тоқтап қалды. Соңғы уақытта біздің бауырлас елдер ғана, оның ішінде Татарстан Алтын орда тарихын дендей зерттеп келеді. Әлемдік тарихқа татарлар «Әлем тарихындағы Алтын орда» үш томдық кітабын сыйлады. Қазақстан үшін бұл тақырып мемлекеттік «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында зерттеліп келеді. Алайда бұл ретте күрделі жағдайға қарамастан, бізге Алтын орданың құндылығын жеткізген тұлғаларға алғысымыз зор. Академик Әлкей Марғұлан, Сұлтан Тұрсынов, Венямин Юдин, Сергей Престорный, Клавдий Пещулина секілді тарихшылардың еңбегі ерен. Сонымен бірге Меруерт Әбусейітова, Бекет Кәрібаев, Радик Темірғалиев қатарлы замандастарымыз да Алтын орда тарихын зерттеуде зор үлесін қосып келеді», - деді Бүркіт Аяған.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 24 тамызында өткен «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар жұмыс жасалу керектігін атап өткен еді. Президент Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуды ұсынды. Оның айтуынша, Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді.

Жиында Түркі академиясының сарапшысы, филология ғылымдарының кандидаты Тимур Козырев Қазақстан Алтын орданың заңды әрі тікелей мұрагері деп мәлімдеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT