Буркина-Фасода қарауылшы жасағына жасалған шабуылдан 37 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Африкада орналасқан Буркина-Фасо мемлекетінде тау-кен қазу компаниясының қарауылшы жасағына жасалған шабуылдан 60 адам зардап шегіп, 37-сі қаза тапты, деп хабарлайды Faso порталы шығыс өңірінің губернаторына сілтеме жасап.

Белгісіз адамдар елдің шығысындағы Бунгу шахтасының қарауылшы жасағына шабуыл жасаған. Бес автобуста канадалық SEMAFO компаниясының қызметкерлері, сондай-ақ мердігерлер мен жеткізушілер болған. Оларды әскерилер қарауылдап жүрген.

Соңғы жаңалықтар