Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ал Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының да кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Ал Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде епкіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавл қаласында қар жауады, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болмақ.

19 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.



Соңғы жаңалықтар