Бұрқасын, көктайғақ, тұман – жексенбіге арналған ауа райы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, шығыста және орталықта - бұрқасын болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болжанады.

Соңғы жаңалықтар