Бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел: Жұма күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерін тұман басады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-28 м/с жетеді.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз сақталады.