Бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел - сенбі күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қараша күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, екпінді жел мен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с артып, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында жаяу бұрқасын болады.

Күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

 

Соңғы жаңалықтар